Вакансия • Персональный водитель, Алматы
TAS GROUP өз қызметін 2010 жылы 1,7 млн теңгелік несие портфелімен бастады және қазіргі уақытта Қазақстанда, Ресейде және Өзбекстанда 50 филиал және 50 млрд теңгеден астам несие портфелімен (29.4К есе) табысты дамып, ауқымдана бастады. Бизнесті өңірлік кеңейту 2015 жылдан басталды. Осы бағыттар клиенттеріміздің қажеттіліктерін ескере отырып құрылған. Біздің негізгі аудитория - бұл ШОБ өкілдері және қысқа мерзімді, тез әрі оңтайлы шаттармен несие алуда қажеттілігі бар жеке тұлғалар.
Біздің миссиямыз - инновациялық шешімдердің көмегімен мақсатқа жеткізетін қаржылық мүмкіндіктер ұсыну.
Компанияның келешек көрінісі:
Еліміздің қаржы нарығының басты ойыншысына айналу, оны өзгерту, халыққа жақын ету
Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық және инноввациялық қаржылық компанияға айналу.
Біздің құндылықтарымыз:
Адалдық-Сенім
Беріктік-Қамқорлық
Кәсібилік-Даму
Команда-Бірлік
Уақыт-Пунктуалдық
Бұл құндылықтар - сайттағы әдемі сөздер ғана емес, бүкіл команданың күнделікті жұмысын жетілдірудегі ұстанымыз.
TAS GROUP жұмыс істеген жылдар ішінде көптеген клиенттердің сеніміне ие болып, олардың көпшілігі тұрақты клиенттерге айналды. Компаниялар тобының қызметің негізі жылдам және сапалы қызмет көрсету, қолайлы пайыздық мөлшерлемелер, икемді шарттар және әрбір клиентке жеке түрде қызмет көрсету.
Міндеттері мен функциялары
1. Бас директордың көліктік қамтамасыз етілуі
- CEO-ның жұмыс кестесіне сәйкес оны қауіпсіз және уақытылы тасымалдау.
- Көліктің таза әрі техникалық тұрғыда жарамды күйде болуын қамтамасыз ету.
- Жол жағдайын және уақытты ескере отырып, ең тиімді бағыттарды таңдау.
- Көлікті белгіленген уақытта және жерде дайындау.
2. Қауіпсіздік және құпиялылық
- CEO-ның жол жүру кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Басшыға қатысты барлық ақпараттың құпиялығын сақтау.
- Жолдағы жағдайды бақылау және ықтимал қауіптердің алдын алу.
3. Көліктің жарамдылығын сақтау
- Көліктің тұрақты техникалық қызмет көрсетуін және уақтылы жөнделуін бақылау.
- Жанармай, май және басқа да техникалық сұйықтықтардың деңгейін қадағалау.
- Маусымдық дөңгелек ауыстыру және автокөлікті жуу жұмыстарын ұйымдасты
Қойылатын талаптар
1. Тәжірибе және кәсіби дағдылар
- 3-5 жылдан кем емес жеке жүргізуші ретінде жұмыс тәжірибесі.
- Жұмыс берушінің тұрағына дейін келіп-кету үшін жеке көлігінің болуы.
- Қала жолдарын, негізгі бағыттарды және жол жүру ережелерін жақсы білу.
- Авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша жүргізу дағдылары (артықшылық болып саналады).
- GPS-навигаторлар мен картографиялық сервистерді меңгеру.
2. Жеке қасиеттері
- Стресті жағдайларда жұмыс істей білу – жоғары жүктемеге бейімделу және назарды жоғалтпау.
- Тәртіптілік – кестені және нұсқаулықтарды қатаң сақтау.
- Құпиялылық – маңызды ақпаратпен құпия жұмыс істей білу.
- Сыпайылық және әдептілік – басшылықпен және айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынас орнату.
- Жауапкершілік – ұқыптылық және туындаған мәселелерді жедел шешу қабілеті.
3. Білімі және қосымша талаптар
- Орта кәсіптік немесе жоғары білім (қосымша артықшылық болып саналады).
- B санатындағы жүргізуші куәлігі.
- Автокөлік құрылымын және қарапайым жөндеу жұмыстарын білу.
Жұмыс шарты:
- Жұмыс кестесі 2/2.
- Ай сайынғы тұрақты төлем.
- Әлеуметтік пакеттер.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Похожие вакансии:
Работа в России, Алматы - Свежие вакансии на Kit-Jobs.Ru
Работа в городах России - свежие вакансии (469921) на Kit-Jobs.Ru: Вакансия работодателя • МФО «TAS FINANCE GROUP» (ТАС ФИНАНС ГРУПП) - Персональный водитель, Алматы. Здесь Вы можете ознакомиться с вакансией работодателя бесплатно онлайн.
Наш портал является бесплатным онлайн сервисом поиска работы по базе вакансий от прямых работодателей, по размеру заработной платы и прочим параметрам в регионе Алматы. На портале также имеются такие разделы как: ежедневно обновляемая база свежих вакансий по всем городам России, юридические консультации, сервисы, форма для создания резюме онлайн в формате .DOC, новости рынка труда России и другие разделы.