Вакансия • Юрист, Астана
- Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысады және жасайды. Кәсіпорындағы құқықтық жұмысқа әдістемелік басшылық жасауды, құрылымдық бөлімшелерге түрлі құқықтық құжаттарды дайындау мен әзірлеуге көмек көрсетуді, наразылықты қайтару бойынша негізделген жауаптарды дайындауға қатысады. Кәсіпорынның өзге бөлімшелерімен бірге талан-тараж, ысырап, кем шығу және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдарды тергеу және сот органдарына өткізу үшін дайындайды. Кәсіпорын қызметіндегі заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Кәсіпорын басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелер мен басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың заңнамаларға сәйкестігін тексереді. Кәсіпорында шартпен келісілген жұмысты жүргізеді шарт қатынастары нысанын анықтайды, шарт жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексереді. Кәсіпорындағы құқықтық жұмысқа әдістемелік басшылық жасауды, қолданылып жүрген заңнаманы түсіндіруді және оны қолдану тәртібін, құрылымдық бөлімшелерге наразылық білдіру жұмысы бойынша құқықтық көмек көрсетуді, сот және төрелік сот органдарына қажетті материалдар дайындауды және беруді қамтамасыз етеді. Құқықтық мәселелерді қарау кезінде кәсіпорынның соттағы, төрелік соттағы, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардағы мүдделерін білдіреді, сот және төрелік сот істерін жүргізуді жүзеге асырады. Ұжымдық шарттарды дайындауға және жасауға, еңбек тәртібін нығайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, кәсіпорындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге қатысады. Жұмысшылардың жұмыстан босатылу мен ауысу заңдылығын тексеруді, оларға тәртіптік жазаны қолдануды жүзеге асырады. Шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. Кәсіпорынның қызметкерлерін қолданылып жүрген заңнама туралы хабардар етуді, сондай-ақ кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының оның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді зерделеуі бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. құқықтық мәселелер бойынша қызметкерлерге кеңес беруді ұйымдастырады
ПОДЕЛИТЬСЯ
Похожие вакансии:
Работа в России, Астана - Свежие вакансии на Kit-Jobs.Ru
Работа в городах России - свежие вакансии (469922) на Kit-Jobs.Ru: Вакансия работодателя • РГП на ПХВ Национальный центр тестирования МНВО РК - Юрист, Астана. Здесь Вы можете ознакомиться с вакансией работодателя бесплатно онлайн.
Наш портал является бесплатным онлайн сервисом поиска работы по базе вакансий от прямых работодателей, по размеру заработной платы и прочим параметрам в регионе Астана. На портале также имеются такие разделы как: ежедневно обновляемая база свежих вакансий по всем городам России, юридические консультации, сервисы, форма для создания резюме онлайн в формате .DOC, новости рынка труда России и другие разделы.